Форекс нарығында саудаға кірісуден бұрын, әлемдік валюталық нарық ретінде Форекс қандай екенін біліп, оның қатысушыларымен танысқан жөн. Бұл мақаладан біз неліктен нарық мұндай тартымды екенін және Форекс валюталық нарығының басқа валюталық нарықтардан айырмашылығы неде екенін білетін боламыз. Форекс қаржылық нарығының атауы Foreign Exchange деген сөзден қысқартылған, бұл ағылшын тілінен аударғанда «шетелдік айырбастау» дегенді білдіреді. Форекс валюта айырбасталатын халықаралық валюталық нарық болып табылады. Біздің басым көпшілігіміз өмірімізде бір рет болсын, алдағы уақытта валюта бағамы өседі деген сеніммен, валютаны қымбатырақ бағаммен ауыстырып, пайда табу үшін шетелдік валютаны сатып алғанбыз.
Форекс нарығында да дәл осылай ақша табады. Тек мұнда, валютаны банкте сатып алғандағыдай, валюта бағамының өзгеруін бірнеше ай бойы күтудің қажеті жоқ. Валютаның бағасының өсуі немесе арзандауы минутына бірнеше рет болады. Сауданы бастау үшін бізге Metatrader бағдарламасы орнатылған компьютер және тұрақты интернет керек.
Форекс нарығы жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдары, Бреттон-Вуд жүйесінен бас тарту басталып, валютаның тиянақталған бағамынан құбылмалы түріне ауысу басталғанда пайда болды. Сол кезде «қалқымалы» валюта немесе еркін қалыптасатын бағамдар жүйесі туындады. Компьютерлердің кеңінен танымалдығының ұлғаюы және интернеттің екпінді дамуы банктерге валюталық биржалардан тәуелсіз, электрондық төлем жүйелерінің көмегімен валюталық операциялар жасауға мүмкіндік берді. Сондықтан Форекс бірыңғай орталығы немесе белгіленген орналасқан жері жоқ виртуалдық нарық болып табылады. Валюталық жұптарды саудалау интернетте жүргізіледі, бүкіл әлемдегі нарық қатысушылары интернет арқылы өзара әрекет етеді.
Трейдерлер — олар бағамның айырмашылығынан ақша табу үшін жеке қаражаттарына өз бетімен сауда жасайтын адамдар. Нарықта жұмысты бастау үшін трейдер брокер-компаниядан сауда шотын ашып, сосын кепілдік депозит үшін теңгерімін толтыру керек.
Брокерлік компаниялар, банктердің валюталық бөлімшелері — олар трейдерлерге валюталық нарыққа қолжеткізуді ұсынады, сауда операцияларының ең көп көлемі брокерлік компаниялармен жасалады. Сондықтан кейде Форекс әлемдік валюталық нарығын банкаралық деп атайды. Брокерлік компаниялар мен банк бөлімшелері өз қаражаттарын немесе сенімдік басқаруға тартылған қаражаттарды пайдаланып, нарықта жиі дербес сауда жасайды.
Сыртқы сауда компаниялары, да валюталық нарыққа қатысады, олар түрлі тауарлар мен қызметтерді экспорттаушы және импорттаушы шетелдік компаниялармен өзара есептеседі.
Инвестициялық және коммерцилық банктер, олар қаражаттарын тартылған ақшалай қаражаттарды басқаратын инвестициялық және хедж қорларына, шетелдік активтерге, сақтандыру компанияларына салады. Салған қаражаттарын сақтау және көбейту үшін олар да Форекс нарығына қатысады.
Орталық банктер. Орталық банктер мемлекеттік валюталық сақтық қорларды бақылайды. Валюталық нарықтағы белсенділіктің арқасында орталық банктер ұлттық валюта бағамын реттейді. Егер валюта нығайтуды қажет етсе - оны сатып алады, сонда валюта бағасы қымбаттайды, өйткені оның нарықтағы мөлшері азаяды, егер валютаны әлсірету керек болса - оны сатады. Бұл интервенция деп аталады.
Енді, біз нарықтың негізгі қатысушыларын білеміз, бірақ неліктен трейдерлердің басым көпшілігі дәл осы нарықты таңдайды?